Есепті кезеңде 259 082 тонна көлемінде сүт (өткен жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда өсім 9,7 пайыз), 195 593 тонна ұн (өсім - 16,7 пайыз), 168 958 тонна қант (өсім - 2,2 пайыз), 40 997 тонна жарма өнімдері (өсім - 29,3 пайыз) өндірілген.
23:42, 15 Шілде 2018
Алты айда Қазақстандағы ет өндірісі 7,4 пайызға артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстандағы ет өндіру көлемі 128 004 тоннаны құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,4 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап.