Бұл туралы спортшы өзінің ресми сайтында хабарлады.
Оның айтуынша, жеңіл атлетші 2014 жылғы өзі қатысатын жарыстар тізімін құрастырып қойған. 17 тамызда Копакабана жағажайында өтетін "Мано а Мано" турнирі соңғысы болмақ. Өткен жылдың наурызында, ол мұнда мүмкіндігін сынап көрген. Арнайы салынған жарыс жолында 150 метр жүгірген желаяқ жеңіске жетіпті.
Тамыз айында Болт тағы үш жарыста бағын сынайды: 1-2 тамызда Глазго Достастығының ойындарында (4х100 м эстафета), 23 тамызда Варшавадағы турнир және 26 тамызда өтетін Цюрихтегі жарыс (екеуі де - 100 м).
Болт алынған жарақаты салдарынан талай жарысты өткізіп алды, наурыз айынан бері толыққанды жаттыға да алмай жүр.
Болт - алты дүркін олимпиада чемпионы, сегіз дүркін әлем чемпионы. Ол 100 және 200 метр қашықтықтарда жүгіруден әлемдік рекордтың иесі. Сондай-ақ, ел құрамасымен бірігіп 4х100 м эстафетасында рекорд орнатқан.