Алты дүркін олимпиада жеңімпазы жол апатына ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол апатына ұшыраған жүзуден алты дүркін олимпиада чемпионы американдық Эми ван Дайкен жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Оқыс оқиға жұма күні Скоттсдейлде (Аризона штаты) болған. Бұрынғы спортшы тікұшақпен жергілікті медициналық орталыққа жеткізілді. 41 жастағы ван Дайкеннің жарақаты туралы ашып айтылмай отыр.

Ван Дайкен АҚШ тарихындағы бір Олимпиадада бірден төрт алтын медаль еншілеген алғашқы спортшы. Бұл көрсеткішке ол 1996 жылы Атлантадада қол жеткізді. Сондай-ақ бірнеше рет әлем чемпионы атанған.