Алты футболшы ойындардан шеттетілгендіктен, оларды Бірінші лиганың 26-шы кезеңінен көре алмаймыз.
Сары карточкалары көп болғандықтан алдағы кезеңге «Байқонырлық» Елжас Сарбай, «Жетісу Б» командасының футболшысы Бағлан Бөрібай, «Екібастұздық» Ернұр Құсайынов және «Мақтааралдық» Ғалымжан Ермұрзаев қатыспайтын болды.
Ал «Алтайлық» Исламбек Асан өткен кезеңде алаңнан шеттетілген еді. Сондай-ақ, «Ақтөбе-Жас» командасының футболшысы Иван Петренков екі рет ескерту алып, ойыннан шығарылды.