Алты қабатты үйдің көлеміндей астероид Жер маңынан ұшып өтті

АСТАНА. 30 мамыр. Қазақпарат   -  Шартты белгісі 2012 KP24, көлемі алты қабатты үйдің мөлшеріндей астероид 28 мамырда 57 мың шақырымға жуық қашықтықта Жер маңынан ұшып өтті, деп хабарлайды 1tv.kz.

Бүгін, 29 мамырда тағы бір диаметрі 3-10 метрлік 2012 KT42 астероиды 20 мың шақырым қашықтықта Жер маңынан өтеді.

РИА Новости хабарлағандай, алғашқы астероид 23 мамырда табылған. Есептеулер оның Аполлон тобындағы астероидқа жататынын көрсетті, бұл топтың орбиталары біздің ғаламшар мен Марс орбитасын қиып өтеді. Осы топқа Жерге жақын белгілі астероидтардың үштен екіге жуығы кіреді. Ғалымдар бұл аспан денесінің диаметрін 11-36 метрге бағалап отыр. Соңғы деректерге қарағанда, оның көлемі 18 метрді құрайды. Астрономдардың пікіріне қарағанда, 2012 KP24 астероиды өз осін айналудың аса жоғары жылдамдығымен ерекшеленеді. Оның айналу осі бар болғаны 2,5 минутты құрайды.