Турнирде қазақстандық муайтай шеберлері Бразилия, Тайланд, Ресей, Австрия және Оңтүстік Африкадан келген қарсыластармен күш сынасады. Олардың барлығы дерлік өз мемлекеттерінің кәсіби деңгейдегі спортшылары.
Сайыс ұйымдастырушылары - Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Елухан» Қазақстан Республикасы Муайтай федерациясы және Муайтай федерациясының Атырау облыстық филиалы.
Жекпе-жек өнерінің жанкүйерлері турнирді Мұз айдыны сарайында тамашалай алады.