Ол рингке MTK Global компаниясы ұйымдастырған бокс кешінің аясында шығады. BoxRec.com мәліметінше, Төлештің қарсыласы ресейлік боксшы Василий Штык (2-2, 2 КО) болмақ. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.
Төлеш соңғы айқасын 18 желтоқсан күні Алматыда өткізген, онда Өзбекстан боксшысы Бахром Паязовты (22-15, 15 КО) техникалық нокаутпен жеңді.
Кештің басты оқиғасы Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Құнқабаевтың (2-0, 2 КО) британдық спортшы Стивен Уордқа (13-1, 4 КО) қарсы бірінші ауыр салмақта WBO Asia Pacific титулы үшін жұдырықтасуы болмақ.