Франческа Джонс сирек кездесетін аурумен - эктодермальды дисплазиямен дүниеге келді. Бұл дерттен зардап шегетіндерде аяқ-қолдарының дамуында проблемалар бар. Теннисшінің оң қолында төрт саусақ, сол қолында екеу және ұзындығы кішірек тағы екі саусағы бар. Франческаның оң аяғында үш бармақ бар. Уимблдон сынына дейін қыздың білегіне үш ота жасалған.
«Дерттің менің тенниспен шұғылдануыма кедергі келтіруіне жол бермеймін. Көп адам маған ракетканы дұрыс ұстамайтынымды айтады, алайда бұл сөздер мені керісінше жігерлендіре түседі», - деген Франческаның сөздерін келтіреді The Guardian.
Джонс ағылшындық Брэдфордта дүниеге келді. Балалық шағының басым бөлігін ауруханаларда өткізген. Франческа тенниспен алты жасынан бастап айналысады.