Иттер қаладағы Оңтүстік-Батыс ауданның орман алқабына қарай жүгіріп кетті. Бірнеше минуттан кейін иттердің иесі айқай мен абалап үрген дауысты естіп қалды. Ол орманға жүгіріп барғанда, иттері талап жатқан әйел мен кішкентай қыз баланы көрді. Әйел иттерін ажыратып, тұмылдырықтарын қайта кигізіп, жедел жәрдем қызметін шақырды. Зардап шеккен алты жасар қыз бала мен оның 28 жастағы анасы медициналық мекемелерге жеткізілді.
Қылмыстық істі тергеу амалдары жүргізілуде, деп жазады planet-today.ru.