«Алтын арыстан» Андерссонға бұйырды - Венециядағы кинофестиваль

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венециядағы 71-інші халықаралық кинофестивальдің басты сыйлығы - «Алтын арыстан» швед Рой Андерссонның 'Голубь сидел на ветке, размышляя о жизни' лентасына бұйырды.

Француз кинокомпозиторы Александр Депла бастаған әділқазылар алқасы дат Джошуа Оппенхеймердің 1960 жылдарғы Индонезиядағы жаппай адам қырғыны туралы "Взгляд тишины» картинасын Гран-приге лайықты деп шешті.