«Алтын доп» кімге бұйырады? - қазақ жанкүйерлерінің таңдауы

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - «Аламан» жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша қазақ жанкүйерлері биылғы «Алтын допты» алуға Криштиану Роналду лайық деп тапты. Бұл туралы ұлттық спорт порталының сайтында хабарланған.

Дауыс берушілердің жетпіс пайызға жуығы Роналдудың жеңісіне сенеді. Ал Мессиге сенетіндер 19 пайыз. Ал Еуропаның үздігі атанған Рибериге тек 8 пайыз дауыс келіп түсті. Қазақ жанкүйерлерінің үш пайызы Ибрагимовичтің «Алтын доп» алғанын қалайды. Бір пайыз «жыл үздігі» атағын Роналду да, Месси де, Рибери де, Ибра да алмайды деген пікірде.

  • Роналду (69%,)

  • Месси (19%,)

  • Рибери (8%, )

  • Ибрагимович (3%, )

  • басқа футболшы (1%, ).