«Алтын доптың» иегері де анықталды.«Алтын доп» бұл жолы «Реал» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға бұйырды. Марапатау рәсімінде Роналду көзіне жас алып, «Реал» және Португалия құрамасына алғысын білдірді.
- Бұл менің әріптестерімнің және отбасымның жеңісі. Мен бұл жеңісті ұзақ күттім, - деді ол Цюрихте.
Қорытынды:
Криштиану Роналду - 27.99%
Месси - 24.72%
Рибери - 23.39%
Ибрагимович - 5.29%
Неймар - 3.17%
Иньеста - 2.08%
Ал әйелдер арасындағы «Алтын доп» германиялық қақпашы Надин Ангерерге бұйырды. Ол Германия құрамасы сапында Еуропа чемпионатын ұтып алды.
ФИФА футбол королі Пелені «құрметті Алтын доп» иегері ретінде марапаттады, деп хабарлайды «Аламан».