«Алтын допты» Роналдуға қазір бере салса болады - Поль Погба

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ювентус» клубының жартылай қорғаушысы Поль Погба «Алтын доптың» биыл кімге бұйыратыны туралы өз пікірімен бөлісті, деп жазады vesti.kz «As.com» сайтына сілтеме жасай отырып.

«ФИФА «Алтын допты» Криштиану Роналдуға қазір бере салуы керек. Ол Евро-2016 мен Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Әлемдегі ең мықты ойыншы кім дейсіз бе? Ол - Месси, Роналду. Мен екеуі де мықты дер едім. Антуан Гризманн да биыл тамаша ойнады», - деді Погба.

Айта кетейік, «Алтын доптың» қазіргі иегері - Лионель Месси.