АСТАНА. ҚазАқпарат - AS хабарлағандай, «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналдудың «Алтын добының» көшірмесі қайырымдылық акциясы аясында аукционда сатылды. Қайырымдылық аукционында Роналдудың 2013 жылы алған «Алтын добының» жалғыз көшірмесі қойылған, деп жазады prosports.kz.
«Алтын доптың» көшірмесін Израильдің ең бай адамдарының бірі Идан Офер € 600 мың қаржыға сатып алды. Түскен қаржы қатты науқас балаларға көмектесетін Make-A-Wish қайырымдылық қорына беріледі.
Еске салайық, 32 жастағы португалдық «Алтын доптың» төрт мәрте иегері.