АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысындағы «Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы ақпарат «Алтын – Емел» табиғи паркінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
«Алтын – Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында Қызыл кітапта тіркелген сирек кездесетін «Тянь – Шань» қоңыр аюы фото және фото тұзаққа түсті», – делінген әлеуметтік желідегі парақшада.
Ұлттық парк мәліметінше, зерттеушілер алдағы уақытта бақылау жұмыстарын жалғастыратын болады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.