«Алтын-Емел» ұлттық паркінде тазқара құсы балапан басып шығарды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысындағы «Алтын-Емел» ұлттық паркінде тазқаранның балапаны бар ұясы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша, көп адамдар үшін тазқара өлген жануарлардың мәйітін жейтін лас құзғын. Алайда, ол табиғат үшін ең пайдалы және экологиялық таза құстардың бірі. Өйткені ол өлген жануарларды «жейді» және сол арқылы аумақтың санитарлық тазалығын қамтамасыз етеді және зооноздық инфекциялардың таралуын болдырмайды. Бұл әсіресе ұлттық саябақта тұратын құландар мен қарақұйрықтардың популяциясы үшін маңызды.
Тазқара Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енбеген, алайда ол халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл кітапқа сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар жануарлар тізімінде бар.
Құстың өніп-өсуін, оларды сақтау – зоологтардың міндеті, ал құстың ұясын табу – үлкен жетістік. Осы орайда, Алтын-Емелде атап өткендей, ұлттық саябақтың ғылыми бөлімінің жолы болды. Биыл 23 тамыз күні Үлкен Қалқан тауларынан балапанымен бірге тазқараның ұясы табылды.
«Тазқара наурыз-сәуір айларының ортасында бір ғана жұмыртқа салып, орта есеппен 55 күн шығарады. Балапан ұяда 3-3,5 ай тұрып, кейін ұшып шығады. Оның көзі өткір құс екені белгілі - ол 1-2 км биіктіктен жемтігін байқап қояды»,- делінген әлеуметтік желідегі парақшада..