Фестиваль жеңіл атлетикадан жазғы маусымның жабылуына орай ұйымдастырылды. Іс-шара аясында ерлер арасында 1000 м, әйелдер арасында 500 м жүгіруден жарыс өтті. Спорттық шараларға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, түрлі мекемелердің мемлекеттік қызметкерлері, колледждер мен ЖОО студенттері, сондай-ақ, мектеп оқушылары қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты мен міндеті елімізде жеңіл атлетиканы дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, командалар арасында тәжірибе алмасу және мықты спортшыларды анықтау болып табылады.