Алтын қымбаттап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Дональд Трамптың көші-қон саясатына байланысты қауіпсіздік активтеріне сұранысты күрт көбеюінен сейсенбі күнгі сауда барысында алтын қымбаттады.

Мәскеу уақытымен таңғы 8:59-да Нью-Йорктың Comex биржасында сәуір  айының фьючерстер құны троя унциясына 0,60% - $1203,20 дейін көтерілді, деп хабарлады ПРАЙМ.

Жұма күні Трамп 7 елдің азаматтарына (Ирак, Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали мен Судан) АҚШ аумағына 90 күнге келуге және кез келген босқынды 120 күнге қабылдауға, белгісіз мерзімге Сирия босқындарын қабылдауға  тыйым салатын «Елді шетелдік лаңкестердің келуінен қорғау туралы» жарлыққа қол қойды.

Аталған жарлық Трамптың болжап болмайтын саясатынан қауіптеніп отырған инвесторларды алаңдатты. Осыған байланысты, нарықта алтын сынды тәуекелсіз активтерге сұраныс өсуде.