АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Астрахан облысында «Селитренное городище» мұражай-археологиялық кешені аумағынан Алтын орда дәуіріне тиесілі 500 күміс шақа табылды.
Бұл жайында өңірлік мәдениет министрлігінің баспасөз хатшысы Елена Лысенко мәлім етті, деп хабарлайды Утро.ру.
Оның атап өтуінше, салмағы 500 граммнан асатын тиындар алдын ала болжам бойынша XIV ғасырдың екінші жартысына тиесілі. Тиындардың басым бөлігі бір-бірімен жабысып қалған әрі формасы өзгерген. Табылған қазына мұражайға өткізіледі.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.