«Алтын Прометей» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Кеше  елордадағы «Риксос» қонақүйінде «Қазақстандағы энергетика апталығы» аясында өткен «Алтын Прометей» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің энергетика және мұнай-газ саласындағы үздік компаниялар мен кәсіби мамандарды анықтауға арналған  конкурс осыдан бір жыл бұрын басталған болатын. Осы уақыттың ішінде ҚР Энергетика және минералдық  ресурстар министрлігі, ұлттық компаниялар мен осы саладағы қоғамдық ұйымдар кіретін алқа мүшелері «Алтын Прометей» конкурсы аясында 10 аталым бойынша үздіктерді анықтады. Сонымен, «Үздік инновациялық бағдарлама» аталымында «Шикі газды өндіру мен заманауи зауыт құрылысы» жобасының авторы - «Теңізшевройл» жеңімпаз атанса, «Үздік экологиялық бағдарламада» - «Аджип ККО» компаниясы, «Үздік әлеуметтік бағдарламада» - «Аджип Карашығанак Б.В.» компаниясы, «Жылдың кәсіби маманында» - «Меридиан Петролиум» ЖШС-нің бас геологы Базар Есқожа, «Жыл ұстазы» аталымында Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры Герой Жолтаев, «Жыл жобасында» - «Азия газқұбыры» ЖШС, «Жыл мерейтойында» - Қазақстанның мұнай-газ саласының 110 жылдығының басты ұйымдастырушысы - ҚР Энергетика және минералдық  ресурстар министрлігі, «Жылдың серпілісінде» - Солтүстік Каспий операциялық компаниясы, «Жылдың мерейтойы тұлғасында» - белгілі маман Сафи Өтебаев (марқұм)  және «Жыл тұлғасы» аталымында «Маңғыстау Мұнай»  компаниясының президенті Ұзақбай Карабалин үздік деп танылды.

Іс-шара барысында барлық жеңімпаздарға алтын жалатылған «Алтын Прометей» тұғырлары және демеушілердің арнайы сыйлықтары табысталды.