Altyn Samǵaý-2021 Ұлттық спорттық жүлдесінде Паралимпиадалық спорт түрлеріндегі үздік спортшы мен үздік жаттықтырушы анықталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Айта кетелік, бұл аталымдағы үздіктерді Қазақстанның Ұлттық Паралимпиадалық комитеті анықтаған болатын.
«Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік спортшы» атағы Давид Дегтяровқа берілді.
Биыл Давид Токио-2020 Паралимпиада ойындарында жеңіске жетіп, Грузияда өткен әлем біріншілігінде чемпион атанды.
«Паралимпиадалық спорт түрлеріндегі үздік жаттықтырушы» атағына парадзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Жандос Қиянов лайық деп танылды. Оның үш шәкірті – Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан және Зарина Байбатина Токиодағы Паралимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алған.
«Баршаңызды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын!. Бұл жүлдені иеленгенім үшін өте қуаныштымын. Қазақстандық спортшыларға табыс тілеймін!, - деді Қиянов.