Оқиға Бамбари қаласынан 60 шақырым жерде Ндассима шахтасында орын алған. Бұрын ол канадалық «Axmin» компаниясына тиесілі болған, алайда жылдан астам уақыт бұрын «Селека» тобының жауынгерлерімен басып алынған. Айта кетейік, ОАР-да «Селека» тобының жауынгерлері «Анти-балака» тобының көтерілісшілерімен шабуылдасуда. Елдегі жағдай 2013 жылдың желтоқсанынан бері өрши түсті. БҰҰ мәліметтеріне сүйенсек, кикілжің салдарынан осы уақытқа дейін мыңдаған адамдар қаза тауып, миллиондаған тұрғындар босып кеткен.
21:24, 23 Тамыз 2014
Алтын шахтасында 25 адам үйінді астында қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Африка Республикасының оңтүстігіндегі Уака префектурасында алтын өндіретін шахта құлап, 25 адам үйінді астында қалды. Тағы екі адам іздестірілуде, деп хабарлайды Росбалт.