«Алтын тұғыр» номинациясы жыл үздіктеріне тапсырылады
«Қазақстан - 2050 стратегиясы қалыптасқан ел» Бағдаралмасы мен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің елімізде өтуіне байланысты мемлекетіміздің алдына жаңа міндеттер қойылды. Осы тарихи маңызды шараларды жүзеге асыруда ҚР ҰСТҚ алдына ауқымды міндеттер қойылып отыр. Атап айтқанда: «Қазақстан-2050» Бағдарламасын жүзеге асыру, «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесін жоғары деңгейде өткізу үшін Ұлттық спортымызды жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті қойылып отыр.
Осы ретте елімізге танымал Ұлттық спорттың жанашырлары, өңірлердегі ұлттық спорт мектептерінің, клубтарының директорлары мен облыс әкімдерінің орынбасарлары, облыстық ұлттық спорт басқармаларының басшылары қатысатын бұл жиында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Президенті Қайрат Сатыбалдыұлы арнайы баяндама жасайды.
Жиын барысында қатысушылар пікірін талқылай келе, алдағы уақытта атқарылуға тиіс шаралардың басын біріктіріп, қаулы қабылдайды деп күтілуде.
Сонымен бірге, «Алтын тұғыр» номинациясы жыл үздіктеріне тапсырылмақ. «Алтын тұғыр» ұлттық спорт түрлері бойынша үздік қырынан танылған спортшыларға, жаттықтырушыларға және журналистер мен қоғамның белсенді мүшелеріне беріледі.
Сонымен қатар, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының арнайы «Елімжан» төсбелгісінің иелері де осы кеште анықталатын болады. Ұлттық спорттың үздіктері мен Ұлттық спортқа жанашырлық танытып, қолдап қуаттап, насихаттап жүрген жандардың кім екенін осы кеште білетін боламыз. .
Шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Спорт дене шынықтыру істері агенттігі, «Нұр Отан» партиясы.