Жоғалған заттардың арасында алтын және жартылай асыл тастардан жасалған бұйымдар бар.
Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, біздің дәуірімізге дейінгі XV ғасырдан біздің дәуіріміздің XIX ғасырына дейінгі кезеңге жататын экспонаттар біраз уақыттан бері көрмеге қойылмаған. Олардың біразы көбінесе ғылыми жұмыстар жүргізу үшін мұражай қоймасында болған.
Британ мұражайының директоры Хартвиг Фишер жоғалған заттарды табуға бар күш-жігерін салатынын айтты. Оның айтуынша, мұражай қоймадағы экспонаттардың сақталуына мұқият қарайды, бұл бұрын-соңды болмаған әдеттен тыс оқиға.
Мұражайда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қызметкерлер мен сарапшылар жоғалған, бүлінген және ұрланған заттар туралы есеп беруге кірісті. Жұмыстан шығарылған қызметкерге қатысты заңды шара қолданылады.
Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Лондондағы Британ мұражайы - Ұлыбританиядағы бас тарихи-археологиялық мұражай.
16:01, 17 Тамыз 2023
Алтын зергерлік бұйымдары жоғалғаннан кейін Британ мұражайының қызметкері жұмыстан шығарылды
ЛОНДОН.ҚазАқпарат – Бірнеше экспонат жоғалып кеткеннен кейін Лондондағы Британ мұражайының қызметкері жұмыстан шығарылды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.