«Біздің командаға сенім артқан жандарға алғысымыз шексіз. Жанкүйерлерімізді маңызды жеңіспен құттықтағым келеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні «Спарта Номад-Астана» КВН ойындарының Жоғары лигасында «алтын» жеңіп алды», - деді ол Инстаграмда жариялаған видеоүндеуінде.
«Сіздер бізге сендіңіздер! Рахмет! Елімізді мерекемен құттықтай отырып, алтын алып бара жатырмыз!», - деп жазды ол видеоның астына.
Еске салайық, 15 желтоқсанда Мәскеуде КВН-2017 ойындары Жоғары лигасы өтіп, онда «Спарта Номад» (Астана) командасы 17,2 ұпаймен бірінші орын иеленді. Айта кетейік, қазақстандық КВН командасы Жоғары лигада алғаш рет топ жарып отыр.