Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне Рахат Әлиев тапсырыс берген - ҚР Бас прокуратурасы
«2006 жылғы 11 ақпанда Алматы қаласында Алтынбек Сәрсенбайұлының, Василий Журавлевтің және Бауыржан Байбосынның ұрланып, өлтірілуі орын алған болатын.
Ішкі істер органдарымен тергелу барысында осы қылмысқа қатысты тұлғалар анықталған. Ол Рустам Ибрагимов және тағы басқа 9 тұлға. Дей тұрғанымен, 2012 жылғы 16 сәуірде түзеу мекемесінде жазасын өтеудегі Ибрагимов жасалған қылмыстың бұдан бұрын құқық қорғау және сот органдарына белгілі болмаған мән-жайлар хабарланған арызбен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жүгінді.
Бұл арызда ол бірінші рет адам өлтіруді жасағанын мойындады, оны жасау мән-жайларын егжей-тегжейлі бейнелеп берді, сондай-ақ Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс беруші шын мәнінде Ержан Өтембаев емес, Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев екендерін көрсетті», - деді А.Кравченко брифинг барысында. .
Оның айтуынша, жоғарыда келтірілгенге байланысты, 2013 жылғы 11 желтоқсанда Бас прокуратурамен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына Алтынбек Сәрсенбайұлын, Василий Журавлевты және Бауыржан Байбосынды өлтіру жөніндегі іс бойынша шығарылған үкімді ішінара қайта қарау қажеттігі туралы қорытынды жолданды.
«2013 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен Рустам Ибрагимовтың арызын қарау нәтижесі бойынша және жинақталған жаңа материалдар ескеріліп, Ержан Өтембаевқа қатысты бұдан бұрын қаулы етілген үкім ішінара бұзылды.Қылмыстың өзге қатысушыларына қатысты үкімді қайта қарау үшін негіздер анықталмады, себебі, табылған жаңа дәлелдемелер олардың әрекеттерінің саралануына әсер етпейді. Дәл осы күні, 19 желтоқсанда Жоғарғы Сот қылмыстық істі Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жаңадан сотта қарауға жіберді. Тиісті сот шешімі қабылданған жағдайда Рахат Әлиевке және Әлнұр Мұсаевқа қатысты тікелей қылмыстық іс қозғалып, АҚШ-тың Федералдық Тергеу Бюросы қызметкерлерінің қатысуымен олардың Алтынбек Сәрсенбайұлының, Василий Журавлевтің және Бауыржан Байбосынның өлтірілуіне қатыстылығы мәніне алдын ала тергеу жүргізілетін болады. Көрсетілген құқықтық процесстердің нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады», - деп түйді сөзін ол.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынының тапсырмасы бойынша қосымша алынған жауаптардың шынайлығы Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінен арнайы құрылған жедел-тергеу тобымен тексерілді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтініші бойынша тергеуге Америка Құрама Штаттарының Федералдық Тергеу Бюросы тікелей қатысты.
Тергеу нәтижелерімен жаңадан ашылған мән-жайлар өз дәлелін тапты.
2013 жылғы тамызда Рустам Ибрагимовтың және бірқатар түйінді куәлердің тиісті жауаптары шақырылған АҚШ-тың Федералдық Тергеу Бюросының полиграфолог-мамандарымен шынайлық мәніне тексеріліп, расталды.