Алтындағы салымдар жыл басынан бері 51 пайызға ұлғайды - FOREX CLUB сарапшысы

; АЛМАТЫ. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алтын нарығында алыпсатарлық 25-тен 51 пайызға дейін өсті.

Бұл жайлы FOREX CLUB сарапшыларының бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

"Қаржы нарығы соңғы уақытта тұрақсыз. Бұл қауіп тудыруда. Сондықтан көпшілік қауым қаржысын алтынға салғанды жөн санайды. Бүкіләлемдік алтын кеңесінің мәліметіне қарағанда, алтындағы салымдар жыл басынан бері қаржылық және хеджирлік қорлар тарапынан 51 пайызға дейін ұлғайды", - дейді FOREX CLUB-тың Қазақстандағы сарапшысы Анатолий Хэгай.

Оның айтуынша, алтын нарығында алыпсатарлық қызығушылық қана бар. Ал өндірістік алтын ұлғайған жоқ. Сұраныс алғашқы тоқсанда 127-ден 3502 тоннаға дейін өсті. Болжам бойынша АҚШ-тың Федералды резерв жүйесінің экономиканы ынталандыру шараларына байланысты алтынға деген қызығушылық төмендейді. Ойыншылар бұл жағдайды пайдаланып қалуға тырысады. Бос қаржы алтын активіне жұмсалады. Сондықтан баға өсіп, 2011 жылы алтынның троискалық унциясы 14501-1500 доллар болады. Бұл ағымдағы деңгейден 14,70 пайызға жоғары. Ал мамыр айының аяғында ол алтынның троискалық унциясының әлемдік бағасы 1450 долларды құрайды. Ол сәйкес кезеңнен 6 пайызға артық. Сондықтан жеке тұлғалар нақты алтын емес, топтастырылған металл есеп-шоттарын пайдаланғанда ғана алтын салымдарынан пайда таба алады.