«Алтынкөл» кеден бекетінде пара ұсынған кәсіпкер ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алтынкөл» кеден бекетінің лауазымды тұлғасына пара ұсынған кәсіпкер ұсталды, деп хабарлайды Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының баспасөз қызметі.

«2017 жылы 6 қаңтарда Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Алматы облысы Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюро департаментімен бірлесіп, «Қорғас - Шығыс қақпасы АЭА» аумағындағы Алматы облыстық МКД «Алтынкөл» кедендік одағының бас маманы Б.Әбілбековке темекі өнімдерін Қытайға кедергісіз өткізу үшін 5 мың теңге пара беру үстінде З. деген азамат ұсталды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 367-бабы, 1-бөлімі (пара беру) бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.