Жергілікті полицияның мәліметі бойынша, күдіктілердің бірі Фуге мен оның 22 жастағы ұлын Пуна туған күн кешіне шақырған.
Фуге өз ұлымен айтылған жерге келгенде, оларға 12 адам тас атып, суық қару қолданған. Күдіктілер ұлын өлтірмей, аяушылық танытыпты.
Датта Фуге үнемі алтын әшекейлер тағып жүретінімен танымал. Әсірісе, 2013 жылы 250 мың долларға алтыннан жасалған жейде жасатып киіп, әлемдік БАҚ-та аты шыққан.
08:20, 19 Шілде 2016
Алтыннан көйлек киген үндістандықты туған күн кешінде өлтіріп кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Несие беру арқылы байыған, алтын бұйымдарға жаны құмар үндістандық кәсіпкер Датта Фуге кісі қолынан қаза тапты. Оның өліміне қатысты деген күдікпен төрт адам ұсталды, деп хабарлады bbc.com.