Алтынның бағасы екі жылдық минимумға дейін төмендеді

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Алтынның бағасы бүгінгі сауда барысында 3%-дан артық төмендеп, троя унциясы үшін 1,319,76$ рекордтық төмен деңгейге түсті. Бұл туралы «Ресей жаңалықтары» хабарлады.

Мұндай құлдырау Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) басшысы Бен Бернанкенің АҚШ-тың экономикалық жағдайы жақсарған жағдайда бір жыл көлемінде нарықтан сатып алынатын активтер көлемін қысқарту жөніндегі мәлімдемесімен байланысты деп түсіндіріледі.