Елбасы өз сөзінде, еліміздің алтын өндіруші саласы енді ғана дами бастағанын, бірақ оның алдына әлемнің көшбасшы елдерінің қатарына шығу міндеті қойылып отырғанын айтты.
«Елімізде мол капитал мен қызу жұмысты күтіп тұрған алтын кеніштер көп. Біз соған қол жеткізбекпіз», - деді саланың кемел келешегіне тоқталған Нұрсұлтан Назарбаев.