«Менің Мұқағалиым» деп аталатын бұл кітапқа өлеңдерім, ақын шығармашылығы туралы педагогикалық, әдістемелік оқу материалдары мен оқушыларымның өлеңдері топтастырылған. Қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңба қалдырып, оны жаңа белеске көтерген Мұқағали есімі бүгінде күллі қазаққа мәшһүр. Оның өлеңдерін мен де бала жасымнан жаттап өстім. Шығармаларын басыма жастана оқитын сүйікті ақыныма арналған бұл кітапты «Менің Мұқғалиым» деп атауым сондықтан», - дейді Алтыншаш Жақиянова.
Ақын шығармашылығына еліктеп 10 жасынан бастап өлең жаза бастаған оның айтуынша, Мұқағалидың туған ауылы Қарасазды көруді ол кішкентай кезінен арман еткен көрінеді. Ол арманы биыл ақынның 80 жылдық тойында жүзеге асқан. Қарасаздағы Мұқағали Мақатаевтың жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылған әдеби-мемориалдық мұражайын көріп, тамашалап шыққан соң оның мұрағаттар қорына өз қаржысына шығарған «Менің Мұқағалиым» деп аталатын кітабын сыйға тартқан. «Бұл мен үшін ерекше есте қалатын күн болды. Ұлан-асыр той жасап, ат шаптырған халықтың ықылас-пейілі мені ерекше тәнті етті. Ақынын ұлықтап, осындай қошемет-құрмет көрсетіп жатқан елдің ертеңі жарқын, болашағы кемел екені күмәнсіз», - дейді А. Жақиянова.
14:21, 04 Тамыз 2011
Алтыншаш Жақиянованың «Менің Мұқағалиым» деп аталатын зерттеу кітабы жарық көрді
АЛМАТЫ. 4 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы «ҚазАқпарат» баспасынан Алтыншаш Жақиянованың «Менің Мұқағалиым» деп аталатын жаңа кітабы жарық көрді. Бұл Алматы облысы Қапшағай қаласында оқытушы болып жұмыс жасайтын оның 13-ші кітабы.