Алуа Балқыбекова әлем чемпионаты жартылай финалына шықты

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова (50 келі) әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жартылай финалына шықты.

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада ол Айсен Ташкинмен қолғап түйістірді.
Енді ол Солтүстік Корея спортышысы Кум Анмен шеберлік байқасады.

Алуа Балқыбекова — ел құрамасындағы тәжірибелі боксшының бірі. Әлем чемпионатында 2022 жылы күміс алса, 2023 жылы қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ ол 2021, 2022 жылдарда Азия чемпионы атанған.

Енді ел құрамасынан Назым Қызайбай (48 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) сынға түседі.

Дүбірлі додаға 12 спортшы алып барған Қазақстан құрамасының 10 спортшысы жарыстың аталған сатысына дейін жетті.