2 дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/4 финалда жарыс қожайыны Юна Нишанакамен жолықты. Алма-кезек басымдықпен өткен айқаста 3:2 есебімен отандасымыз жеңімпаз деп танылды.
Бүгінгі жарыс күні Наталья Богданова (75 келі) Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) және Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады.
Осыған дейін бокстан Қазақстан құрамасынан 28 қыркүйекте Азия ойындарында рингке кімдер шығатынын жаздық.