Алуа Жолдыбалина: Сенім кеңесінің өзіне сенім қалыптастыру қажет
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы ел арасында толықтүсінік қалыптасып үлгерген жоқ. Саясаттанушы Алуа Жолдыбаева кеңес қызметіне арналған дөңгелек үстелдеосындай пікір айтты.
«Жалпы БАҚ пен әлеуметтік желідегі пікірлерге зер салсақ,ел арасында Ұлттық кеңес туралы нақты толық түсінік жоқ. Ұлттық кеңестіәкімдіктер мен мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңестермен шатастырыпжатқандар көп. Бұл кеңестің республикалық деңгейде жұмыс істейтінін, оныңҰлттық статусы бар екенін ел ұқпай жатқан сияқты. Әсіресе, аймақтарда осыныелге түсіндіру қажет», - дейді сарапшы.
Оның ойынша, Ұлттық кеңестің мақсаты мен міндеті елгеайқын емес. Алуа Жолдыбалина кеңестің жұмыс форматында қатысты да өз ойын білдірді.
«Бір сөзбен айтқанда, Сенім кеңесінің өзіне сенімқалыптастыру қажет. Жарлық бойынша кеңестің жұмыс органы - Президент Әкімшілігінің бөлімшесі. БізЕуропадағы, Америкадағы елдердің, Азияда Малайзияның тәжірибелеріне талдаужасадық. Біз мынадай үш бағытты ұсынаредік.
Біріншіден, азаматтардың арыздарының, шағымдары мен сауалдарыныңнақты жүйесін жинақтау қажет. Кез келген мемлекеттік органдарға түсетінарыз-шағымдарды да осы топқа жинақтау керек. Екіншіден, ашық және жабықтыңдаулар өткізуді ұсынамыз. Үшіншіден, жұмыс топтары мен жұмыс органы«азаматтық жюри» сияқты жаңа технологияларды пайдаланғаны абзал. Төртіншікезекте әлеуметтік желі арқылы диалог жүруі керек. Осы төрт форматқа Президент Әкімшілігі назар аударып,кеңес мүшелерінің жұмысын қамтамасыз етуі керек. Кеңестің құрамы өте орындыіріктелген. Тек енді сол құрамның жұмысын қамтамасыз ету қажет», - дедісаясаттанушы.