Аляска штаты­ның хайуанаттар бағында аңдар арасында президент сайлауы өтеді

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат -  Американың Аляска штаты­ның хайуанаттар бағында аңдар арасында президент сайлауы өтеді. Зообақ президенті болу додасына Апан атты ақ аю мен Денали атты қасқыр түсіп отыр.

Associated Press таратқан мәлімет­ке қарағанда, Аляска хайуанаттар бағының президенті бұдан былай төрт жылда бір рет өтпек. Аңдар ара­сынан зообақтың бірінші басшысы болуға екі үміткер ғана ұсынылып, олардың кандидатурасы мақұлдан­ды. Бақ басшылығы Апан мен Денали үшін мекеме сайтынан арнайы про­файлдар ашқан. Одан үміткерлер туралы мәліметтермен және олардың сайлауалды бағдарламасымен таны­су­ға болады. Ұрғашы ақ аюдың про­фай­лында оның 14 жаста екені, Аляс­када дүниеге келгені, зообаққа үш жасында тап болғаны жазылған. Оның өзге аңдардан басты көшбас­шылық артықшылығы суда да, құр­лы­қ­та да көп жүре алатыны және Coca-Cola бренді арқылы әлемге таныл­­ғаны екен. Еркек қасқыр Де­нали де Апанға тең бәсекелес болып шықты. Аляска зообағын екі апталық кезінен бастап мекендейтін ол сол өңірдегі таумен және радиостан­сы­мен аттас. Әзірше көпaшілік Апанға көп дауыс беріп жатқан көрінеді. Дауыс беру қоры­тындысы 6 қараша - АҚШ прези­дентін сайлау күні шығарылады. Айта кетейік, бұл саяси тартыс Барак Оба­ма мен Митт Ромни арасында өтеді, деп жазады «Жас алаш» басылымы.