Аляскада алғаш рет мешіт салынатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Аляска штатының полярлы белдеуінде орналасқан Анкоридж қаласында мешіт құрылысы басталып та кетті, деп жазады muslim.kz.

Қысы қатал бұл аймақтың мұсылмандары үшін салынып жатқан мешіттің сыйы көп. Соның бірі - ақ қар, көк мұз жастанған Алясканың аязды күндерінде де қалыпты температураны ұстап тұратын жылы едені болмақ,

Анкоридж қаласында қазіргі кезде 300 000-ға жуық жан тұрғанымен, әлі күнге дейін бірде-бір құлшылық ордасы жоқтығы мұсылмандарға жайсыздық болып келген еді.