«Ұшақ жерге құлады және куәгерлердің айтуынша дереу өртеніп кеткен», - деп мәлімдеді К.Толли. «Біз ұшақтың қожайыны кім екенін білмейміз, бірақ болжамымыз бар. Барлық ақпарат тексерілгеннен кейін, мәселенің мән-жайын жариялайтын боламыз», - деді полиция басшысы.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Анкоридждің өртке қарсы күзет қызметі басшысының орынбасары Эрик Шейнеманн бір ғана адамның өлімін растады. «Біз бір ғана құрбан бар деп ойлаймыз. Әрине, мұндай жағдайда мұқият тексеріп шыққан жөн. Тек қана бір адам қаза тапты деп үміттенеміз», - деді ол.
Билік ұшақтың құлағаны туралы Ұлттық көлік қауіпсіздігі басқармасына хабарлады. Ведомство апат орнына тергеушілер тобын жіберді.