Аляскада саяхатшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алясканың оңтүстік-шығысында бейсенбі күні экскурсиялық ұшақ құлады, ұшақ бортында 8 турист, 1 ұшқыш болған, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Оқиға Элла өзенінен жақын маңда орын алған. Апат аймағына дәрігерлер ұшағы ұшып шықты. Борттағы адамдардың жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ. Апатқа ұшыраған «DeHavilland DHC-3 Otter» шағын ұшағы «Promech Air» компаниясына тиесілі болған. Бортта болған туристер Сиэтл қаласынан өткен аптада ұшып шыққан.