Аляскада шағын ұшақ апатынан үш адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Американың Аляска штатындағы Адмиралти аралында Cessna 206 шағын ұшағы құлап, салдарынан үш адам қаза тауып, бір адам зардап шекті. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады.

Олардың айтуынша, Cessna 206 ұшағы 450-ге жуық тұрғыны бар Ангун қалашығының қасында құлаған. Оның бортында 4 адам болды. ТАСС-тың хабарлауынша, құтқарушылар бір тірі әйелді анықтап, оны дереу ауруханаға жеткізді.

Құтқарушылардың ұшақтары әуе апаты орнына қатты жел салдарынан жақындай алмай отыр.