Аляскадағы аптап ыстық: Ормандар өртеніп, құстар қырылып жатыр

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Аляска штатының поляр шеңберіне кіретін бөлігінде осы аптада тарихтағы ең жоғары температура тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Штаттың оңтүстік бөлігінде, Найк өзенінің Аляска шығанағына құяр сағасына орын тепкен Анкоридж қаласында сынап бағаны 32ºC-ты көрсеткен.

Бұл қаланың маңына штат тұрғындарының 40%-ы шоғырланған. Осы аймақтағы ормандар өртке оранып, өзендер арнасынан тасып жатыр.

Маусым айындағы маусымдық найзағайлар Аляскада алапат орман апаттарына себеп болған.

Ғалымдардың айтуынша, табиғаттың тосын мінезі құстардың жаппай қырылуына да соқтырып отыр.