Штаттың оңтүстік бөлігінде, Найк өзенінің Аляска шығанағына құяр сағасына орын тепкен Анкоридж қаласында сынап бағаны 32ºC-ты көрсеткен.
Бұл қаланың маңына штат тұрғындарының 40%-ы шоғырланған. Осы аймақтағы ормандар өртке оранып, өзендер арнасынан тасып жатыр.
Маусым айындағы маусымдық найзағайлар Аляскада алапат орман апаттарына себеп болған.
Ғалымдардың айтуынша, табиғаттың тосын мінезі құстардың жаппай қырылуына да соқтырып отыр.