Алып акула YouTube жұлдызына айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африкадағы балықшы бір ақ акула лақтырылған балықты жеп жатқан кезде, оның артынан тағы бір акула секіргенін видеоға түсіріп алған.

Видеодағы акуланың осындай қылығының арқасында оны бірнеше күннің ішінде ОАР тұрғындары 300 мыңнан астам рет тамашалап үлгерген, деп хабарлады Mirror.

Видео оңтүстік африкалық Моссел-Бэй қаласының маңында түсірілген. Төменде жарияланған кадрларда ак акуланың ерекше де таңқаларлық секіруі көрсетілген.