Оқиға ер адам жағажайдан біршама шақырым қашықтықта жүзіп жүрген кезінде орын алған. CBS телеарнасының хабарлауынша, акула ер адамды аяғынан тістеп алған. Жарақаттанғанына қарамастан, ол жағажайға өзі жеткен соң оны ауруханаға алып кеткен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, алып жыртқыштың ұзындығы 3-4 метрге дейін жеткен. Айта кетейік, Калифорния жағажайларында мұндай жағдай жиі орын алып тұрады екен.
23:23, 05 Қазан 2014
Алып акуланың шабуылынан соң АҚШ жағажайлары жабылып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорния штатының билігі АҚШ-тың әскери әуе күштерінің базасы маңындағы жағажайларды үш тәулікке жауып тастаған. Оған ірі ақ акуланың 28 жастағы серфингшіге шабуыл жасауы себеп болған.