Алып қолтырауын балықшылардың үрейін ұшырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Австралияның штатында алып қолтырауын оның назарын аударуға тырысқан балықшылардың зәресін алды.

 Бұл оқиға жайлы видеокөріністі Facebook   әлеуметтік желісіне  балық аулаумен шұғылданатын Northbound Charters қауымдастығы 23 мамырда жариялаған. Сегіз күннің ішінде бұл роликті тоғыз мыңнан астам адам көрген.