Алып күш иесі салмағы 13 тонналық өрт сөндіру машинасын 10 метрден астам жерге тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мордовалық алып күш иесі 'КамАЗ' жүк көлігін орнынан қозғады, тіпті қозғап қана қоймай 10 метрден астам жерге тартты.

Сарандық өрт сөндіруші Александр Сабашвилидің бұл рекорды жайлы Мордова Республикасы бойынша Ресей ТЖМ МБ мәлім етті, деп хабарлайды Вести.Ru.

Басқарма баспасөз қызметінің атап өтуінше, Сабашвили бұған дейін жалаңаш қолымен су толтырылған салмағы 10 тонна тартатын "ЗиЛ-130" өрт сөндіретін автоцистернаны орнынан жылжытқан. Бұдан басқа ер адам екі жаққа жүруі тиіс екі жеңіл машинаны орнынан қозғалтпай ұстап тұра алады.

Бұл жолы алапат күш иесі өзінің рекордын жаңартты: ескі "ЗиЛ-дің" орнына жаңа "КамАЗ»-ды жылжыта алды. Машинаның салмағы шамамен 13 тонна. «Бұл жолы Александр "КамАЗ"-ды 10-15 метрге тарту үшін жуан арқанды пайдаланды»,-деп атап өтті ТЖМ МБ-дан.