«Әуе кемесін 10 метр қашыққа сүйретуден әлемдік Гиннес рекордын спорт шебері, Нұр-Сұлтан қаласының полиция майоры Бауыржан Қамалиев орндады», әуежайдың Instagram-дағы парақшасында.
«Түнде бір рет жаттығып көрдім. Алаңдадым. Түнімен ұйықтай алмадым. Өздеріңіз куә болдыңыздар. Орындап шықтым», деді рекорд орнатқан Бауыржан Қамалиев.
Ол көпшілікті 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.
Рекордты қайталаушы жетістігін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Тұңғыш Президенті күні арнағанын жеткізді.