ОРАЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданы Жалпақтал ауылындағы аудандық ауруханаға сапасы мен техникалық деңгейі жөнінен әлемдік озық үлгілерге сәйкес келетін жаңа қондырғы орнатылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аурухана директоры, жоғары санатты дәрігер-хирург Есенгелді Рабаевтың сөзіне қарағанда, құны 17,36 млн. теңге тұратын германиялық қондырғының диагностикалық және емдеу мүмкіндігі жоғары. Ол лапороскопиялық әдіспен отау жасауға да мүмкіндік береді. Яғни күрделі операцияларды оташы пышағының көмегінсіз, тез де жеңіл, сапалы атқаруға болады. Бұл облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандар тұрғындары үшін қолайлы болып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).