Алыстағы ауылда тұратын майдангер жаңа үйге қоныстанды

None
ОРАЛ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданы Қараоба ауылының тұрғыны, соғыс және еңбек ардагері Есмақ Молдашев жаңа үйге қоныстанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш үйді «Қазқұрылыс» ЖШС салып берді. Еліне сіңірген еңбегін елеп, жасы ұлғайған шағында баспана берген басшыларға алғысын айтқан ақсақал тәуелсіз елімізге тыныштық тіледі.

Майдангерге жаңа үйдің кілтін табыс еткен аудан әкімінің орынбасары Сәрсенбай Молдашев ардагерлердің алдағы уақытта да қамқорлықсыз қалмайтынын жеткізді.