Алжир 19 жылға созылған төтенше жағдай тәртібін жойды

АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - 24 ақпанда Алжирде 19 жылға созылған төтенше жағдай (ТЖ) тәртібі жойылды.

Бұл туралы Agence France-Presse хабарлады.

ТЖ тәртібінің жойылуы елдің Қарулы Күштерінің ішкі қауіпсіздік мәселелеріне араласу мүмкіндігінің айтарлықтай шектелгенін білдіреді, - деп хабарлайды BBC News.

Алжир билігі ТЖ жойылуына қарамастан исламдық бағыттағы лаңкестік ұйымдармен күресті одан әрі жалғастыратынына уәде берді. ТЖ тәртібі 1991 жылы исламистер жеңіске жеткен сайлаудың нәтижесі жоққа шығарылғаннан кейін енгізілген болатын. Нәтижесінде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына шектеу қойылып, құқық қорғау органдарының өкілеттілігі исламшылар мен зайырлы мемлекетті жақтаушылардың арасындағы қақтығыс кезінде кеңейтілген болатын.

Президент Абдельазиз Бутефлика қаңтар және ақпан айында елде жаппай наразылық шеруіне шыққан халықтың талаптарын орындау үшін саяси саладағы реформаны ТЖ тәртібін жоюмен бастады. Бутефликаның айтуынша, жаңа мемлекеттік саясаттың негізіне ұлттық экономиканы қорғауға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқан кіреді.